Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өзбектердің қорқынышы" Темірлан Мұқатаев құпия қаруын ашты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:02

Қазақстандық боксшы өз қарсыластарына қарсы сенімді өнер көрсетіп жүр. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

2025 жылғы U-22 Азия чемпионы, Қазақстан құрамасының боксшысы Темірлан Мұқатаев "Спорт Министрі" YouTube-арнасына берген сұхбатында Өзбекстан спортшыларымен кездесулері жайлы айтты.

"Маған өзбектерге жеңілуге болмайды" 

Бүгінге дейін өзбек боксшыларынан жеңілген жоқсың. Құпиясы неде? – деген сұраққа Мұқатаев былай жауап берді:

"Құпиясын өзім де білмеймін. 2021 жылдан бастап оларды ұта бастадым. Сол жылы IBA турнирінде Өзбекстан құрамасының бірінші нөмірін жеңдім. Кейін Дубайда өткен Азия чемпионатында тағы бір өзбек боксшысын финалда ұттым. Одан соң олардың көшбасшысы шыққанда да басым түстім. 2020 жылы Азия біріншілігінде үшінші өзбек боксшысын жеңдім. Кейін Қазақстанда өткен турнирде тағы бір бірінші не екінші нөмірлі боксшыны тізе бүктірдім. Былтыр өзбекті нокдаунға түсірдім – ол бесінші болды. Биылғысы – алтыншы жеңісім.

Барлығы дерлік Өзбекстан құрамасының бірінші не екінші нөмірлері еді. Мен ешқашан өзбекке жеңілмедім деп мақтанбаймын. Бірақ оларға қарсы шыққанда менде психология өзгереді. Ішкі мінезім оянады, күш-қуат артады. Маған ешқандай жағдайда өзбектерге жеңілуге болмайды. Қазір тіпті қалжыңдап "өзбектердің қорқынышы келе жатыр“ дейді".

Азия чемпионатындағы тарихи финал

2025 жылғы U-22 Азия чемпионатының финалында (Бангкок, Таиланд) Темірлан Мұқатаев 90 келіге дейінгі салмақта өзбек боксшысы Шахзода Полвоновты төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіп, чемпион атанды.

Бұл жарыста қазақстандық боксшыларды Олимпиада чемпионы, бас бапкер Бахыт Сәрсекбаев бастап шыққан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір