"Катарда да дүркіретейік" — Алмабаев UFC жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үн қатты
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев 22 қараша күні Дохада өтетін турнирде америкалық Алекс Переспен жекпе-жекке шығатынын ресми түрде жариялап, жанкүйерлеріне арнаулы үндеу жасады.
UFC-дегі тарихи айқас алдындағы мәлімдеме
"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Көріп отырғандарыңыздай, Катарда жекпе-жек берілді. Өткен жолғыдай Абу-Дабиде болғандай аренаны қазақ жанкүйерлерімен толтырып, тағы да қатты қолдау көрсетейік. Сол кезде арабтар да, дағыстандықтар да қазақтардың көптігіне таң қалған еді. Сол қолдауды жалғастырайық. Абу-Дабиге келіп, күшті қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын", — деді Алмабаев.
Турнирдің маңызы
Алмабаев пен Перестің кездесуі тарихта алғаш рет өтетін UFC Катар турнирінің бір бөлігі болмақ.
Қазір қазақстандық файтер ең жеңіл салмақ дәрежесінде 9-орында тұр.
Америкалық қарсыласы Алекс Перес 8-орында орналасқан.