Қазақстандық таэквондошы Гран-при турнирінде жүлдегер атанды
Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан халықаралық деңгейдегі Grand Prix Challenge G2 бәсекесі басталды.
Вьетнамдық қарсыласынан басым түсті
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Нодира Ахмедова (49 кг) үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін тартыста ол Вьетнам спортшысынан басым түсіп, кездесуді 2:0 есебімен аяқтады. Бұл жүлде – Ахмедованың ағымдағы маусымдағы Grand Prix Challenge сериясындағы екінші медалі болып отыр.
Айта кетсек, 31 тамызға дейін жалғасатын бұл турнирге 33 мемлекеттен 332 спортшы қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.