
АҚШ-тың Майами қаласында өткен DBX 3 турнирінде бұрынғы UFC жұлдызы, Суринамнан шыққан ауыр салмақ өкілі Жаирзиньо Розенструйк қарсыласын жойқын соққымен құлатып, промоушеннің чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Кездесу алғашында баяу қарқынмен басталды. Солақай Раким Кливленд Розенструйкті қарсы соққымен ұстауға дайын екенін көрсетті. Осыдан кейін айқас одан әрі сақтықпен жалғасты. Екі алып боксшы бір-бірін алдағаынмен нақты соққыларға бармады.
Алайда бірінші болып шыдамы таусылған Кливленд шабуылға шықты. Дәл осы сәтте Розенструйк оның қателігін пайдаланып, ауыр сериясын дарытты. Нәтижесінде Кливленд нокдаунға түсті, ал Жаирзиньо оны бір соққымен толық тоқтатты. Төреші техникалық нокаут (TKO 1) тіркеді.
Турнирдің ко-мэйн ивентінде де ауыр салмақты тартыс өтті. 46 жастағы кубалық Хектор Ломбард америкалық Джеймс Кэнноннан алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды (TKO 1).