Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәмиля Бақбергенова: "Кейде ренжіп қаламын, бірақ жездем үнемі қолдайды"

Сарапшы, спорт журналисі
30.08.2025, 20:29

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмиля Бақбергенова өзінің бапкерлік жолындағы ерекше жағдайын айтты. Қазір ол бірнеше жылдан бері жеке жаттықтырушысы әрі жездесі Нұрсұлтан Теміровтің қоластында дайындалып жүр.

prosports.kz
prosports.kz

Бапкерді таңдау қалай болды?

Журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында Жәмила бұл шешім әпкесі Мәдинаның ұсынысымен қабылданғанын айтты:

“Мәдина екеуміз бірге жаттығамыз, бапкеріміз де ортақ болады деп шештік. Аллаға шүкір, бұл таңдау үшін еш өкінген жоқпын”, — дейді балуан.

Отбасылық қарым-қатынас пен жаттығудағы қатаңдық

Спортшының айтуынша, жездесі кейде қаттырақ сөйлеп қояды. Бұл жағдай Жәмиляның көңіліне тиіп қалатыны бар:

“Жездем қыз балаларды жаттықтырып көрмеген ғой. Кейде қаттырақ айқайласа, "Мен саған ұл емеспін ғой" деп ренжіп қаламын. Бірақ үйде ол өте қалжыңбас, ақкөңіл. Сол үшін мен де кейде тым еркелеп кетемін. Мүмкін, тез ширайын деп қатты сөйлейтін шығар”, — дейді Бақбергенова.

Жездесінің қолдауы

Жәмиля Нұрсұлтан Теміровтің әрдайым өзіне арқа сүйеп, қорғап жүретінін ерекше атап өтті:

“Жаттығу кезінде де, жарыстарда да мені ешқашан ыңғайсыз жағдайда қалдырмайды. Тіпті менікі дұрыс болмаған кезде де көпшілік алдында сөзімді сөйлейді. Тек үйге келген соң қателігімді түсіндіреді. Осындай қолдауы мен қорғауы мен үшін өте қымбат”, — деді спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір