
Манчестер қаласында өткен Misfits Boxing 22 турнирінің басты жекпе-жегінде 32 жастағы бұрынғы UFC титулына үміткер Даррен Тилл жарқын жеңіске жетті.
Оның қарсыласы — 40 жастағы UFC және Strikeforce ұйымдарының экс-чемпионы Люк Рокхолд болды. Бұл америкалық спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі еді.
1-раундтың соңында Рокхолд нокдаунға түсті.
3-раунд басында ол арқанға тіреліп қалып, Тилдің ауыр соққыларына тап болды.
Соңғы дәл соққы қарсыласының иегіне тиіп, америкалық есінен танып құлады. Құлаған сәтте аяғын да қайырып алды. Рефери бірден жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша Даррен Тилл қарсыласын ауыр нокаутпен жеңіп, MFB бриджервейт санатындағы бос тұрған чемпиондық белбеуді иеленді.
Жекпе-жектің нокаут сәтін төмендегі видеодан көруге болады.