Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Қазір – менің шарықтау сәтім»: Джалоловтың «қорқынышы» батыл мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
01.09.2025, 19:22

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко АҚШ-та өтетін жылдың ең ірі бокс кешіне қатысады.

NUR.KZ
NUR.KZ

Үлкен бәсеке алдындаңы сенімді сөз

Дычко UFC сайтына берген сұхбатында өзінің физикалық және психологиялық дайындығы туралы ойын айтты.

«Маған үлкен арена, жанкүйерлердің ыстық ықыласы ұнайды. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – рингтегі өнерім. Бұл жай ғана кезекті жекпе-жек. Қазір менің нағыз шарықтау сәтім. Өзімді физикалық та, менталды тұрғыдан да жақсы сезініп отырмын», – деді Иван Дычко.

Соңғы жекпе-жектер және форма

Дычко соңғы рет рингке шілде айында шығып, америкалық Самуэль Кроссдуды алғашқы раундта нокаутпен жеңген болатын. Бұл жеңіс оның қазіргі дайындығы мен тәжірибесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Лас-Вегастағы турнир

13 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін турнирде басты жекпе-жек Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасында өтпек. Осы кештің кардасында Дычко да шаршы алаңға шығады.

Джалоловпен тарихы

Айта кетейік, Иван Дычко – әлі күнге дейін өзбекстандық әлем чемпионы Баходир Джалоловқа әуесқой рингте жол бермеген жалғыз қазақстандық боксшы. Үш кездесу де Дычконың пайдасына шешілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір