Қазақ қызы алғашқы жекпе-жекте нағыз «декласс» жасады (ВИДЕО)
World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионатында Карина Ибрагимова қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Instagram/@qaz_team_official
Ибрагимова сенімді жеңіспен 1/8 финалға шықты
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Карина 1/16 финалда грек спортшысы Панайота Кузилумен кездесті. Қазақстандық боксшы рингте толық үстемдік көрсетіп, төрешілердің бір ауыздан шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша ол 1/8 финалға жолдама алды. Ал Кузилу чемпионатты алғашқы айналымда-ақ аяқтады.
Каринаның жетістіктері мен тәжірибесі
Карина Ибрагимова – 2022 жылғы Азия чемпионы әрі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері. Оның тәжірибесі мен мықты дайындық деңгейі бұл жеңісте айқын көрінді.
Бұған дейін Қазақстан атынан бүгін шаршы алаңға кімдер шығатыны жарияланған болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet