ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстандық файтер алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Octagon 78 турнирінде сенсациялық жеңіс тіркелді. Алматыда өткен жекпе-жек кешінде қазақстандық Мейірбек Исраилов (1-0) өзбекстандық Асылбек Қоржоновпен (1-0) октагонға шықты.

Қазақстандық файтер алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
instagram/@meirbek_israil

Алғашқы раундта аяқталған айқас

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек толық дистанцияға созылған жоқ. Қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты. Бұл Исраиловтың кәсіби мансабындағы екінші жеңісі болып тіркелді. Ал Қоржонов үшін бұл алғашқы жеңіліс.

Турнирдің басты жекпе-жегі

Octagon 78 кешінің басты айқасында жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда қазақстандық Богдан Пшебельский (6-2) өзбекстандық Саидатахон Нуриддиновпен (8-3) кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.