ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Ұлыбританияда Төрехан Сабырханның алғашқы жекпе-жегі дау тудырды

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырханның алғашқы айқасы үлкен талқылауға түсті. Ұлыбританиялық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс төрешілердің шешімін қатты сынға алды.

Ұлыбританияда Төрехан Сабырханның алғашқы жекпе-жегі дау тудырды
Instagram/@boxingkazakhstan

Төрешілер шешіміне наразы 

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан Алжир елінің өкілі Юсеф Ислам Яишпен қолғап түйістірді. Кездесу нәтижесінде қазақстандық боксшы бөлінген шешіммен жеңіске жетті.

Сарапшы пікірі

Бірақ британиялық сарапшы Тейлор О’Хиггинс әлеуметтік желіде жекпе-жекке байланысты өз ойын ашық жазды:

«Жаңа ғана Сабырхан – Яиш кездесуін көрдім. Бірінші раундта Яиш айқын әрі әсерлі соққылар жасады, бірақ 2:3 есебімен ұтылып қалды. Ал екінші раундта керісінше, Сабырхан әлдеқайда жақсы жұдырықтасты. Алайда төрешілер 1:4 есебін тіркеді. Мұны күмәнді төрелік деу – тым жеңіл баға болар еді».

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.