ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Төрехан Сабырхан бірінші раундта ұтылғанына қарамастан жеңіске жетті (ВИДЕО)

Төрехан Сабырхан Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді.

Төрехан Сабырхан бірінші раундта ұтылғанына қарамастан жеңіске жетті (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

1/8 финалда драмалық кездесу

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырханға қарсы Нидерланд құрамасындағы Финн Роберт Бос шықты.

Бірінші раундта қазақстандық былғары қолғап шебері 1:4 есебімен ұтылып қалды. Алайда келесі раундтарда қарқынын үдетіп, басымдыққа ие болды. Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Ширек финалдағы үміт

Осылайша Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалисі атанып, медаль үшін күресін жалғастырады.

Айта кетейік, Сабырхан – тарихта алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасында әуесқой бокстан Азияның төрт дүркін чемпионы атанған спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.