ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Әлем чемпионатындағы алғашқы медаль үшін айқас: Қазақстан боксшылары Ливерпуль рингінде

9 қыркүйек күні Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тоғыз бірдей өкілі шаршы алаңға шығады. Күннің басты интригаларының бірі – Наталья Богданованың 1/4 финалдағы айқасы, онда ол Қазақстанға алғашқы медальді сыйлауы мүмкін.

Әлем чемпионатындағы алғашқы медаль үшін айқас: Қазақстан боксшылары Ливерпуль рингінде
фото: ашық дереккөздерден алынған

Чемпионаттың алтыншы жарыс күнінде Қазақстан спортшылары бірден екі сессияда бақ сынайды.

Әйелдер арасында: Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг). 

Ерлер арасында: Махмуд Сабырхан (50 кг), Санжар Ташкенбай (50 кг), Нурбек Оралбай (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг), Ертуған Зейнулинов (85 кг).

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 16:00)

  • Әйелдер, 51 кг, 1/8 финал: Алуа Балқыбекова — Гаюн Мун (Оңт. Корея)
  • Әйелдер, 60 кг, 1/8 финал: Виктория Графеева — Люси Кингс-Уитли (Англия)
  • Ерлер, 50 кг, 1/8 финал: Махмуд Сабырхан — Башким Бажоку (Косово)
  • Ерлер, 80 кг, 1/8 финал: Нұрбек Оралбай — Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)

Кешкі сессия (Астана уақытымен 22:00)

  • Әйелдер, 48 кг, 1/8 финал: Назым Қызайбай — Лила Зелецкий (Венгрия)
  • Ерлер, 50 кг, 1/8 финал: Санжар Тәшкенбай — Хутхайха Эшиш (Иордания)
  • Ерлер, 85 кг, 1/8 финал: Бекзат Нұрдәулетов — Георгий Кушиташвили (Грузия)
  • Әйелдер, 70 кг, 1/4 финал: Наталья Богданова — Сема Чалышкан (Түркия)
  • Ерлер, 85 кг, 1/8 финал: Ертуған Зейнуллинов — Патрис Мугалзай (Англия)

Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркия боксшысы Сема Чалышканмен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді еншілейді. Осылайша, дәл бүгін Қазақстан құрамасы өз активіндегі алғашқы медальға қол жеткізуі ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.