Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Виктория Графеева өзбек боксшысымен ӘЧ медалі үшін айқасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 18:02

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан намысын қорғаған Виктория Графеева ширек финалға жолдама алды. 

offside.kz
offside.kz

Сенімді жеңіс

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы рингте жергілікті спортшы – Люси Кингс Уитлиге қарсы шықты.

Бірінші раундта Виктория қарсыласын зерттей жүріп, дәл джебтері мен қаптал соққыларын дарытып отырды. Аяқпен жақсы қозғалғандықтан өзі соққыға сирек ұрынды. Ағылшындық боксшы белсенділік танытқанымен қазақстандықтың ауыр әрі дәл соққылары айқын басым болды.

Тактикалық артықшылық пен соңғы раундтағы үстемдік

Екінші раундта ағылшын боксшысы бар күшін салып, алға ұмтылды. Бірақ Графеева ұзын қолдарының арқасында қарсыласын қашықта ұстап, кері шегіне соққы дарытумен айқын үстемдік орнатты.

Үшінші раундта Викторияның сабырлы да есепті ойыны шешуші рөл атқарды. Қарсыласы алдыңғы раундтарда бар күшін сарқып қойғандықтан соңғы минуттарда әлсіреп қалды. Ал Графеева керісінше қарқынын бәсеңдетпей, комбинацияларын (джеб, оңқай түзу, қарсы шабуылдағы джеб) сәтті іске асырды.

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Виктория Графееваға берді.

Турнирдегі жолы және алдағы сынақ

1/16 финалда қазақстандық спортшы Косово боксшысы Доньета Садикуды жеңген еді (қазылар шешімімен).

Енді ширек финалда Виктория Азия чемпионы Ситора Турдибековамен (Өзбекстан) жұдырықтасады. Егер осы кезеңнен сүрінбей өтсе, жартылай финалға жолдама алады және кем дегенде қола медаль иемденеді. 

Жетістіктері

Виктория Графеева – Қазақстан әйелдер боксының жаңа жұлдызы. Ол биыл наурызда IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Бразилияда өткен әлем кубогында топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір