ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жан түршігерлік нокаут! Қазақстан құрамасының көшбасшысы бірінші раундта-ақ ширек финалға шықты

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі – Махмұд Сабырхан кезекті жекпе-жегін сәтті аяқтады. 

Жан түршігерлік нокаут! Қазақстан құрамасының көшбасшысы бірінші раундта-ақ ширек финалға шықты
Instagram/@boxingkazakhstan

Жойқын нокаут

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы 1/8 финалда Косово өкілі Башким Бажокумен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Алғашқы раундтың өзінде-ақ Сабырхан жойқын соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл сенімді жеңіс оған ширек финалға жол ашты.

Махмұд Сабырханның жетістіктер жолы

  • 2023 жылы – әлем чемпионы атанды.
  • 2021 жылы – әлем біріншілігінің күміс жүлдегері болды.
  • 2022 жылы – Азия чемпионатының вице-чемпионы атанды.

Осы табыстар Сабырханды Қазақстан құрамасының басты жұлдыздарының бірі әрі медальға ең үлкен үміткерлердің қатарына қосады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.