Курьер болып істеген қазақстандық камбэк жасап, ӘЧ-да екінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)
Ертуған Зейнуллинов Ливерпульдегі әлем чемпионатында кезекті жеңісін тойлады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жекпе-жек барысы
Зейнуллинов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Англия өкілі Патрис Мугалзаимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта қазақстандық боксшы төрешілердің бағалауымен 1:4 есебімен ұтылып қалған. Дегенмен келесі раундтарда тактикасын өзгертіп, басымдыққа ие болды.Нәтижесінде Ертуған Зейнулиинов бөлінген шешіммен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Ертуған Зейнуллинов жайлы
2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Зейнуллинов курьер болып жұмыс істегенін мойындаған еді. Соған қарамастан ол үлкен аренада өзін дәлелдеп, бүгін әлем чемпионатының жүлдесіне бір қадам жақындады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet