Қазақстан – Өзбекстан айқасы: Сағындық Тоғамбай ширек финалда ойсырай жеңілді
Ливерпульде World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейінгі салмақ) рингке шықты.
Қарсыластың айқын басымдығы
Сағындыққа өзбекстандық Турабек Хабибуллаев қарсы тұрды. Айқас 5:0 есебімен Хабибуллаевтың пайдасына аяқталды. Осы нәтижемен ол жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальді қоржынына салды. Ал Тоғамбай бұл додада жүлдесіз қалды.
Тоғамбайдың жетістіктері
- Азия чемпионы-2024
- Азия ойындарының қола жүлдегері-2022
Бұл жеңілісіне қарамастан 24 жастағы қазақстандық боксшы құрлықтық деңгейде өзін танытқан мықтылардың бірі саналады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.