ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Алуа Балқыбекова кемінде қола медаль иегері атанды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова 2025 жылғы әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында жеңіске жетті. 

Алуа Балқыбекова кемінде қола медаль иегері атанды
Instagram/@boxingkazakhstan

Ширек финалдағы сенімді қадам

Ливерпульде (Англия) өткен додада ол 51 келі салмақ дәрежесінде Тайвань спортшысы И Сюань Гуоға қарсы жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын басымдық көрсетті.

Бұл жеңіс Балқыбековаға әлем чемпионатының жартылай финалына жол ашты. Сонымен қатар өзіне кемінде қола медаль қамтамасыз етті. 

Балқыбекованың жетістіктері

  • Әлем чемпионы (IBA)
  • Әлем чемпионатының қос жүлдегері – күміс пен қола
  • Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.