
Файтердің проумоушнмен келісімшарты аяқталды.
UFC-дегі қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 320-нөмірлі турнирде америкалық Пунаэле Сорианоммен жекпе-жекте жеңіліс тапқаннан кейін жазба жариялады.
5 қазанда Веретенников Сорианодан төрешілердің бірауызды шешімімен ұтылды. Бұл оның UFC-дегі үшінші және қазіргі келісімшарт бойынша соңғы жеңілісі болды.
«Маған қолдау көрсеткен барлық жанға — командамға, отбасым мен достарыма, жанкүйерлеріме — шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз — баға жетпес. Ол маған күш береді және алға ұмтылуға шабыттандырады.
Қарсыласыма зор құрмет білдіремін — сол түні оның тактикасы жақсырақ жұмыс істеді және ол тамаша өнер көрсетті. UFC ұйымына осындай үлкен жолдың бір бөлігі болуға және ең жоғары деңгейде октагонға шығуға мүмкіндік бергені үшін рахмет», — деп жазды Веретенников.
Айта кетсек, әзірге UFC Николай Веретенниковтың промоушеннен шығарылғаны туралы ресми түрде хабарлаған жоқ.