Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Геннадий Головкинды әйгілі боксшылар санатына кіргізді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы АҚШ баспасөзі сөз қозғады.

Геннадий Головкинды әйгілі боксшылар санатына кіргізді
Геннадий Головкин. Фото: Getty Images

АҚШ-тың әйгілі шолушысы Дэн Рафаэль Қазақстаннан шыққан бұрынғы орта салмақ чемпионы Геннадий Головкиннің жақын арада Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енгізілетініне еш күмәні жоқ екенін айтты.

Жуырда GGG ресми түрде IBHOF тізіміне енуге номинацияланғаны белгілі болды. Үміткерлерге қатысты соңғы дауыс беру желтоқсанда өтеді. Алайда америкалық боксшы Райан Гарсия соңғы сұхбатында Головкиннің тізімге лайық емес екенін, себебі оның мансабында «ірі есімдердің» жоқтығын айтты.

«GGG еш қиындықсыз таңдалады. Ал Райан ол жерге билет сатып алған кезде ғана кіре алады», — деп жазды Рафаэль әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар журналист Головкинді өз салмағындағы ең үздік боксшылардың бірі деп атап өтті:

«GGG — барлық уақыттағы орта салмақтың үздік ондығына кіреді», — деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір