Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі: Қашан, қайда өтетіні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы үш әлемдік белбеуді біріктіретін тарихи жекпе-жекке дайындалуда. Оның қарсыласы — кубалық Эрисланди Лара. Кездесу 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді.

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі: Қашан, қайда өтетіні белгілі болды
Offside.kz

Орта салмақтағы әлем чемпиондарының біріккен жекпе-жегінің күні мен өтетін жері белгілі болды. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы айқас 6 желтоқсан күні Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында, Frost Bank Center аренасында өтеді. Бұл туралы танымал америкалық спорт журналисі Дэн Рафаэль хабарлады.

Кездесу WBO, IBF және WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы үш әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл – 2025 жылғы ең маңызды және көптен күткен жекпе-жектердің бірі болмақ.

Турнир бағдарламасы 

Жәнібек пен Лараның жекпе-жегі PBC PPV бокс кешінің ко-мейн ивенті (қосалқы басты айқас) ретінде өтеді. Басты жекпе-жекте мексикалық Айзек Крус (28-3-1, 18 КО) пен америкалық Ламонт Роуч-кіші (25-1-2, 10 КО) WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Қазақстан уақыты бойынша бокс түні 7 желтоқсан таңында өтеді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін биыл сәуірде Астанада өткізген болатын. Ол сол кезде француз қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өз белбеуін сенімді қорғаған еді.

Ал оның қарсыласы, тәжірибелі кубалық Эрисланди Лара өзінің техникасымен танымал. Ол бұған дейін әлем чемпиондық атағын бірнеше рет қорғаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір