Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын айтты. 

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін жариялады
NUR.kz

Жеңілмеген қазақ боксшысы рингке қайта оралады

Жанқош өзінің келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Бірақ қарсыласы мен өтетін орны туралы нақты мәліметті әзірге ашқан жоқ.

«Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын», — деп жазды Тұраров өз Instagram парақшасында.

Тұраров соңғы рет 5 қыркүйекте рингке шыққан. Ол филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы жекпе-жекте толық қашықтықты бағындырып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, сол жекпе-жек барысында Канега үш рет нокдаунға түскен.

Тұраровтың келесі қадамы

Жанқош Тұраров — Қазақстанның ең тұрақты және тәжірибелі кәсіпқой боксшыларының бірі. 29 жекпе-жекте жеңіліс көрмеген отандасымыздың келесі қарсыласы кім болатыны қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Бокс сарапшыларының пікірінше, Тұраров ендігі мақсат ретінде әлемдік рейтингтегі жоғары орын мен чемпиондық белбеуге таласуды көздеп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір