
Аралас жекпе-жек тарихындағы ең көрнекті спортшылардың бірі — Жозе Альдо ресми түрде мансабын аяқтады.
UFC-дің бұрынғы жартылай жеңіл салмақ чемпионы Жозе Альдо енді октагонға шықпайды.
Жанкүйерлер оған «Рио патшасы» деген лақап ат берген. Спортшы Farmasi Arena алаңында өткен әсерлі қоштасу рәсімінде жанкүйерлеріне алғыс айтып, спортпен қош айтысты.
Жозе Альдо ұзақ жылдар бойы Бразилияның мақтанышы әрі UFC тарихындағы ең басым чемпиондардың бірі болып саналды.
Оның чемпиондық сериясы, ерекше техникасы мен табандылығы тұтас бір буынның спортқа деген сүйіспеншілігін оятқан.
Соңғы жылдары ол өзін кәсіпқой бокста сынап көрді. Алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенімен, кейінгі кезеңдерде октагондағы нәтижелері көңіл көншітпей, мансабын тоқтатуға шешім қабылдады.
Қоштасу рәсімінде Альдо көз жасын тыя алмады.
Ол отбасымен бірге октагонның ортасына шығып, өз қолғабын қалдырды. Бұл жекпе-жек әлемінде мансаптың аяқталғанын білдіретін дәстүр.
Спортшы жанкүйерлеріне және UFC ұйымына жылдар бойғы қолдау үшін шын жүректен алғыс айтты.