Назым Қызайбайдың жаттықтырушысы «Канелоның» командасын дайындауда

Сарапшы, спорт журналисі

Әйелдер құрамасының физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушысы Мұхит Ахметов әлеуметтік желідегі жазбасымен спорт жанкүйерлерінің назарын аудартты. 

Назым Қызайбайдың жаттықтырушысы «Канелоның» командасын дайындауда
instagram/@muhitakhmetov

Қазақ маманы мен мексикалық жұлдызды байланыстыратын дайындық

Маман өз парақшасында әйгілі мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің спарринг-серіктесі, қазақстандық Бек Нұрмағанбеттің суретін жариялады. Ахметовтың айтуынша, спортшы Америкадан арнайф келіп, оның жетекшілігімен жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

«Бек Америкадан келіп, менің жетекшілігіммен физикалық дайындық жиындарын өткізуде», — деп жазды Ахметов Instagram парақшасында.

Мұхит Ахметов. ФОТО: instagram/@muhitakhmetov

Әйелдер құрамасының табысты маусымы

Айта кетейік, Мұхит Ахметов бұған дейін Ливерпульдегі World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабына кірген. Сол жарыста ұлттық команда тарихи жетістікке жетіп, жарысты жеңіспен аяқтаған.

Құраманың қоржынында:

  • Алтын медаль — Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова
  • Күміс медаль — Назым Қызайбай
  • Қола медаль — Виктория Графеева, Елдана Тәліпова
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір