Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жектің нақты күні анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы титул біріктіретін жекпе-жегінің нақты күні белгіленді.

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жектің нақты күні анықталды
Сурет: ашық дереккөздерден

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңертең) өтеді. Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында ұйымдастырылады.

Орта салмақта өтетін бұл айқаста Жәнібек өзіндегі WBO және IBF белбеулеріне Ларадағы WBA титулын да қосып алуға тырысады. Бұл кездесу PBC PPV аясындағы бокс кешінің екінші басты оқиғасы болмақ.

Ал кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Айзек Крус (28-3-1, 18 КО) пен америкалық кіші Ламонт Роуч (25-1-2, 10 КО) жұдырықтасады. Олар бірінші жартылай орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін айқасады.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізген. Әлімханұлы ол кезде франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Орта салмақтағы төртінші белбеу – WBC титулы доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 КО). "Жабайы айғыр" лақап атты Адамес бұған дейін Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартқанын айта кетейік.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір