Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Баходир Джалолов өз абыройын қайтарып алуға бел буды

Сарапшы, спорт журналисі

Санкт-Петербургте өткен IBA.PRO 10 турниріндегі сәтсіз өнер көрсетуден кейін өзбек боксшысы Баходир Джалолов көпшілікті таңғалдырды.

Баходир Джалолов өз абыройын қайтарып алуға бел буды
sportburo.kz

Өзбек журналисі Джалол Ахмедовтың хабарлауынша, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы 14 қараша күні Ташкентте өтетін кәсіпқой бокс кешінде қайта жұдырықтасады. Алайда әзірге Жалоловтың қарсыласы кім болатыны белгісіз. Кездесу Lift Promotion компаниясының ұйымдастыруымен өтпек.

Еске сала кетсек, Баходир Джалолов соңғы рет Санкт-Петербургте Виталий Кудуховпен қолғап түйістірген. Бұл кездесуде «өзбек алыбы» өзіне тән сенімді өнер көрсете алмай, жанкүйерлердің көңілінен шықпады.

Оған дейін Астанада өткен жекпе-жекте Джалолов украиналық Игорь Шевадзуцкийді жеңгенімен, айқын басымдық таныта алмады. Екі жекпе-жекте де ол төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Бірақ рингтегі үстемдігі бұрынғыдай әсер қалдырмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір