Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан чемпионаты Нұрбек Оралбайсыз өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталды. 
 

Қазақстан чемпионаты Нұрбек Оралбайсыз өтеді
jambylinfo.kz

Әлем чемпионатының жүлдегерлері жарыстан шет қалды

Аталған жарысқа елдің үздік боксшылары жиналды. Алайда ұлттық құраманың кейбір жұлдыздары бапкерлер шешімімен турнирден босатылған.

Бапкерлер кеңесі Ливерпульдегі тарихи әлем чемпионатында медаль еншілеген боксшыларды ел біріншілігіне қатысудан босатты. Олардың қатарында:

  • Назым Қызайбай (48 кг дейін)
  • Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін)
  • Алуа Балқыбекова (51 кг дейін)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
  • Виктория Графеева (60 кг дейін)
  • Аида Әбікеева (66 кг дейін)
  • Наталья Богданова (70 кг дейін)
  • Төорехан Сабырхан (70 кг дейін)
  • Елдана Тәліпова (80 кг жоғары)
  • Айбек Оралбай (90 кг жоғары)

Қалғандары соның ішінде биылғы әлем чемпионатына қатысқан боксшылар да Семей рингіне шығуы тиіс болатын.

Нұрбек Оралбай — турнирден тыс қалды

Олимпиададағы жарқын өнерімен қазақ боксын сақтап қалған Нұрбек Оралбай да бастапқы тізімде болған еді. Алайда соңғы сәтте оның чемпионатқа қатыспайтыны белгілі болды. Sportarena.kz мәліметінше, Нұрбек жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайды.

Бұл жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық. Себебі 2025 жылғы маусым Нұрбек үшін аса сәтті болған жоқ:

  • Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды;
  • «Странджа кубогында» финалға шықты;
  • Астанада өткен Әлем кубогының финалында жеңіліп қалды;
  • Ал Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен ойсырай ұтылды.

Қазір 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде айқын фаворит жоқ. Сондықтан Нұрбектің жоқтығы жас боксшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Сарапшылардың айтуынша, Семейдегі чемпионатта жаңа есім жарқ етіп шығуы әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір