Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмонов UFC-де қарсылассыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Шон Брэди жақын уақытта басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізетін болды.

Шавкат Рахмонов UFC-де қарсылассыз қалды
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

UFC жартылай орта салмақ санатында екінші орында тұрған америкалық файтер Шон Брэди өзіне жаңа қарсылас тапты. 15 қараша күні Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтетін UFC 322 турнирінде Брэди эквадорлық Майкл Моралеспен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы америкалық файтер өз подкастында мәлімдеді.

Бұл жаңалық қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновтың (Nomad) жағдайына едәуір әсер етуі мүмкін. Қазір ол жарақатынан толық айығып, 2026 жылдың басында октагонға оралуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Брэди Шавкатқа ашық түрде шақыру тастап, оның ықтимал қарсыласы ретінде қарастырылған еді. Алайда енді америкалық басқа жекпе-жекке келісім берген соң, Рахмоновтың қарсыласы жоқ болып отыр.

Чемпиондық белбеу Маддалена-Махачев арасында өтеді

Сонымен қатар, UFC чемпиондық белбеуі үшін өтетін келесі басты кездесу де жоспарланған - австралиялық Джек Делла Маддалена мен ресейлік Ислам Махачев титулдық айқаста кездеседі. Осылайша, Брэди мен Моралес арасындағы жеңімпаз келесі чемпиондық жекпе-жекке басты үміткерге айналуы мүмкін.

Тағы бір маңызды айқас 22 қарашада Катарда өтеді.  Шавкаттың бұрынғы қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри америкалық Белал Мұхаммедпен кездеседі.

Барлық үздік файтерлердің жекпе-жектері белгіленіп қойғандықтан, Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралу жолы уақытша тұйыққа тірелгендей. Дегенмен жанкүйерлер «Nomad»-тың келесі қарсыласы кім болатынын асыға күтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір