Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмонов жайлы күтпеген мәлімет жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

15 қараша күні Нью-Йоркте Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев жолығады. Ал осы айқастан кейін кім чемпиондық белбеуге таласады деген сұрақ ашық күйінде қалды. Сарапшылардың пікірінше, Шавкат Рахмоновтың есімі — титулға басты үміткерлер қатарында.

Шавкат Рахмонов жайлы күтпеген мәлімет жарияланды
Sportburo.kz

UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде чемпиондық айқасқа кезекті қарсылас кім болатыны әлі нақты белгісіз.

Қазіргі таңда бұл бәсекеге үміткерлер қатарында бірнеше есім аталып жүр: Шавкат Рахмонов, Белал Мұхаммад, Шон Брэди, Камару Усман және Иэн Гэрри.

Шон Брэди Ariel Helwani’s MMA Hour бағдарламасында қазіргі жағдайға қатысты пікір білдіріп, ұйым ішіндегі шешімдер кейде рейтингке емес, промоушеннің өз стратегиясына тәуелді екенін ашық айтты.

«Мен Хантер Кэмпбеллмен сөйлестім. Ол маған рейтингтердің қазір еш маңызы жоқ екенін айтты. UFC кімге титулды бергісі келсе — соған береді. Мен Леон Эдвардсты өз алаңында жеңіп, сабмит жасадым. Бірақ бәрібір титулға мүмкіндік бермеді. Сондықтан бұл жерде ешкімге ештеңе кепілдендірілмейді», — деді Брэди.

Жекпе-жекші сондай-ақ ұйымның жаңа логикасын сипаттап өтті:

«UFC қазір №1 үміткер деген жүйеден бас тартты. Енді бәрі — сәттілік пен тиімді сәтке байланысты. Мухаммад пен Гэрридің жекпе-жегі, менің Моралеске қарсы айқасым немесе Эдвардстың Пратеспен кездесуі – ешқайсысы тікелей титулдық мүмкіндікке кепіл емес. Бәрі кім жарқырап көрінетініне байланысты».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір