ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстанның ең сұлу боксшысы бес белбеуге көз тігіп отыр

Қазақстандық танымал боксшы Балауса Мұздыман алдағы уақытта өтетін маңызды жекпе-жегі туралы жазды.

Қазақстанның ең сұлу боксшысы бес белбеуге көз тігіп отыр
Балауса Мұздыман. Фото: Нурғали Жұмағазы

Бұрын әйелдер құрамасының сапында ел намысын қорғаған спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында үн қатты. Ол Үндістан өкілі Мамта Сингхке қарсы өткен соңғы кездесуінен суреттер жариялап, дәл сол жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін еске салды.

«Жақында үлкен жекпе-жек күтіп тұр», — деп жазды Балауса Мұздыман.

Кәсіпқой бокста «Қазақстанның ең сұлу боксшысы» атанған Балауса Мұздыман алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол келесі бес жылда бес чемпиондық белбеуді иемденуді көздеп отыр.

«Бес жыл ішінде бес белбеудің иесі боламын деп сенемін. Тіпті бір емес, екі салмақта әлем чемпионы атану жоспарда бар. Себебі қыздар арасында салмақ айырмашылығы шамамен 1,5–2 келі ғана, сондықтан бір салмақтан екіншісіне ауысу аса қиын емес. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын», – деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.