Серік Теміржанов Семей рингінде ойқастады

Сарапшы, спорт журналисі

Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан Серік Теміржанов Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатын жарқын жеңіспен бастады.

Серік Теміржанов Семей рингінде ойқастады
olympic.kz

Павлодарлық боксшы Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын толық басымдықпен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұл жолы турнир World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылып отыр — яғни, жарыстың маңызы ерекше.

Павлодар облысының намысын қорғаған Серік Теміржанов алғашқы айқасында түркістандық Нұрасыл Тұлыбекті рингте айқын басымдықпен жеңді. Төрешілердің шешімі бір ауыздан шықты — 5:0.

Теміржанов жекпе-жекте өзінің жоғары жылдамдығын, дәл соққыларын және тәжірибесін көрсетті. Әсіресе орта дистанциядағы комбинациялары мен қорғаныстағы сенімділігі қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Айта кетейік, Серік Теміржанов — 57 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қатысушысы. Бұл жолы ол жаңа салмақта (60 кг) бақ сынауда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір