Абылайхан Жүсіпов жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады (ВИДЕО)
Жекпе-жекке бірінші раундта-ақ нүкте қойылды. Қарсылас ауыр жарақат алды.
Sports24.kz
Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 70 келіде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов рингке елордалық боксшы Мырзахан Мәуленовке қарсы шықты.
Кездесудің алғашқы раундында-ақ Мәуленов оң көзінің үстінен жарақат алды. Осыған байланысты, дәрігер мен төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп Абылайхан мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Еске салайық, Абылайхан Жүсіпов өткен жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында (ASBC) алтын медаль иеленіп, құрлықтың үздігі атанған еді.
Сондай-ақ, ол — әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері, Қазақстан құрамасының тәжірибелі көшбасшыларының бірі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet