«Канело» залындағы қазақстандық боксшы керемет камбэк жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты тартысты жекпе-жектермен жалғасуда. 

«Канело» залындағы қазақстандық боксшы керемет камбэк жасады
olympic.kz

Әбілхан Аманқұл – жеңісті камбэк иесі

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалдық кездесуде жамбылдық Әбілхан Аманқұл мен алматылық Сержан Еркін рингке шықты.

Алғашқы раундта жеңісті қарсыласына беріп қойған Аманқұл кейінгі екі раундта жағдайды түбегейлі өзгертіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Әлемдік деңгейдегі тәжірибелі боксшы

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл — 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының қола иегері. Ол сондай-ақ Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған. Кейін кәсіби боксқа ауысып, он жекпе-жек өткізген.

Боксшы біраз уақыт Сауль «Канело» Альварестің жаттығу залында дайындалған. Интернетте тараған бір бейнероликте мексикалық чемпион Аманқұлдың спарринг кезінде қарсыласын корпусқа соққымен нокаутқа түсірген шеберлігіне тәнті болған сәт бейнеленген.