ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

QAZAQSTAN BARYSY-2024 жеңімпазы төртінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан QAZAQSTAN BARYSY-2025 республикалық турнирінде алғашқы жартылай финалист анықталды. 

QAZAQSTAN BARYSY-2024 жеңімпазы төртінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)
sportarena.kz

Ерасыл Қажыбаев — жартылай финалда

Былтырғы бас жүлде иегері, Абай облысының намысын қорғайтын Ерасыл Қажыбаев биылғы додада да қарсыластарына дес бермей келеді.

Төртінші кездесуінде елордалық Нұрсұлтан Қожагелдіұлын айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Қажыбаев Қостанай облысының балуаны Нұрсұлтан Қабланды жеңіп, келесі кезеңге шыққан. 

Ерасыл Қажыбаев туралы деректер

  • Туған күні: 1994 жылғы 4 шілде
  • Туған жері: Семей қаласы
  • Салмақ дәрежесі: +100 кг
  • Спорттық атағы: ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Жетістіктері:

  • Әлемдік Гран-при турнирлерінің екі мәрте қола жүлдегері (2018, 2023)
  • 2019 жылғы Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері
  • "Үлкен дулыға" жарыстарының екі мәрте қола жүлдегері (2023, 2025)
  • 2024 жылғы Азия чемпионатының командалық жарысында қола жүлде иегері
  • 2025 жылғы "Үлкен дулыға" кезеңінің күміс жүлдегері
  • Қазақстанның ең үздік ауыр салмақты балуаны
  • Әлемдік рейтинг: 20-орын (1867 ұпай)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.