Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сенсация: Ерасыл Қажыбаев QAZAQSTAN BARYSY атағын қорғай алмады

Сарапшы, спорт журналисі

Астанадағы QAZAQSTAN BARYSY-2025 республикалық турнирі күтпеген нәтижемен аяқталды. Қазақ күресінің ең беделді жарысында биыл чемпиондық белбеуді Шымкент қаласының балуаны, әскери спорт клубының өкілі Марат Байқамұров иеленді.

Сенсация: Ерасыл Қажыбаев QAZAQSTAN BARYSY атағын қорғай алмады
instagram/@qazaqstan_barysy

Байқамұровтың сенсациялық жеңісі

Байқамұров финалда былтырғы чемпион, Семейден келген Ерасыл Қажыбаевты тартысты жекпе-жекте аяқтан шалу тәсілімен жеңіп, елді таңғалдырды.

Көпшілік Қажыбаевты басты фаворит санап, белбеуді екінші жыл қатарынан қорғайды деп күткен еді. Алайда Байқамұров қарсыласын шеберлікпен қапы қалдырды.

Финалға дейінгі жол

Финал алдында екі балуан да бес белдесуден қатар жеңіспен өткен. Екеуі де Қазақстан ерлер құрамасы сапында дзюдо спортынан ұлттық деңгейде өнер көрсетеді.

Марат Байқамұров биыл мамыр айында алғаш рет “Үлкен дулыға” кезеңінде үздік үштікке еніп, тарихи жетістікке жеткен. Айта кетерлігі, ол жүлдені дәл осы Жақсылық Үшкемпіров атындағы аренада жеңіп алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір