Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нокауттар мен нокдаундар: Қазақстан чемпионатындағы төртінші күннің басты оқиғалары

Сарапшы, спорт журналисі

Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының төртінші күні аяқталды. Бұл кезеңде әйелдер арасындағы ширек финал мен ерлер арасындағы 1/8 финал жекпе-жектері өтті. 

Нокауттар мен нокдаундар: Қазақстан чемпионатындағы төртінші күннің басты оқиғалары
Instagram/@boxingkazakhstan

Әйелдер арасындағы ширек финал

Жайна Шекербекова (54 кг) екі дүркін Азия чемпионы — Сания Сұлтанқызынан басым түсті (4:1).

Карина Ибрагимова (57 кг) Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы — Айшагүл Елубаеваны айқын ұтты (5:0).

Айдана Забынбекова (57 кг) — Лаура Нышанбайға еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті (5:0).

Римма Волосенко (60 кг) — Азия чемпионы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Екінші раундта Толғанай Қасымхан екі нокдаун алған соң, төреші кездесуді тоқтатты.

Валентина Хальзова (75 кг) — әлем чемпионы Рената Григорьевамен кездесуде қарсыласының бірінші раунд соңындағы нокдауннан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуына байланысты мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы 1/8 финал

Әбілхан Аманқұл (85 кг) 2020 жылғы Олимпиада қатысушысы — Сержан Еркінге қарсы кездесуде камбэк жасап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ертуған Зейнуллинов (65 кг) — 2024 жылғы Қазақстан чемпионы — Баглан Тұрсынбайды айқын басымдықпен ұтты (5:0).

Санатәлі Төлтаев (65 кг) — 2017 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы — Асылхан Көшербайды толық басымдықпен жеңді (5:0).

Илья Калинин (65 кг) Қазақстанның U-22 құрамасының жетекшісі — Ермек Ерасылды 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Сабыржан Ақхалыков (75 кг) — қарсыласы Нұрбол Мұхаметәліні нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңді.

Аман Қонысбеков (75 кг) 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы — Дамир Синеевті сенімді түрде жеңіп, келесі айналымға шықты (5:0).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір