Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

UFC турниріндегі басты жекпе-жек сенсациямен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Канададағы Ванкувер қаласында өткен UFC Fight Night 262 турнирінің басты оқиғасы орта салмақтағы жекпе-жек болды. Октагонда Нидерланд спортшысы Ренье де Риддер мен АҚШ өкілі Брэндан Аллен күш сынасты. 

Алленнің сенсациялық жеңісі

Жекпе-жек төрт раундқа созылып, бесінші раундқа дейін жетпей аяқталды. Брэндан Аллен қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, сенсация жасады. Ренье де Риддер бесінші раундқа шығудан бас тартқан.

Айта кетсек, бұл кездесу бастапқыда жоспарланған жұп емес еді. Алғашында де Риддер Энтони Эрнандеспен кездесуі керек болған, алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирге қатыса алмады. Соңғы сәтте Аллен кездесуге келісім беріп, өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.

Жекпе-жек статистикасы

Осы жеңістен кейін Брэндан Алленнің кәсіби рекорды 28 жеңіс және 7 жеңіліс болып жаңарды. Ал Ренье де Риддер үшін бұл карьерасындағы үшінші жеңіліс болды (21 жеңіс). Сонымен қатар нидерландтық файтердің бес жекпе-жектік жеңіс сериясы да үзілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір