Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Оралбайдың басты қарсыласы әлем чемпионын жеңіп, «алтынға» қадам басты

Сарапшы, спорт журналисі

Семейдегі бокстан Қазақстан чемпионаты күтпеген нәтижелермен жалғасуда. 80 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Санжарәлі Бегалиев пен тәжірибелі Диас Молжігітов кездесті.

Оралбайдың басты қарсыласы әлем чемпионын жеңіп, «алтынға» қадам басты
sportburo.kz

Тартысты өткен жекпе-жек

Кездесудің алғашқы раундында Бегалиев қарсыласынан сәл басым түскенімен айқын артықшылық көрсете алмады. Ол жекпе-жек ырғағын ұстап тұрды. Кей сәттерде қорғаныста қателіктерге жол берді.

Ал екінші раундта Молжігітовтің дәл және өткір джебі шешуші рөл атқарды. Диас қарсыласының шабуылдарын сәтті тосып, қарымта соққылармен басымдыққа ие болды. Бұл кезең айқын түрде жамбылдық боксшының еншісіне жазылды.

Шешуші үшінші раундта екі боксшы да сақтық танытып, бір-бірінің осал тұсын іздеді. Бегалиев өзіне тән маятникті қозғалысты және «филадельфиялық қорғаныс» тәсілін қолданса, Молжігітов белсенді шабуылмен көзге түсті.

Төрешілердің шешімі бойынша Диас Молжігітов 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Финалда кіммен кездеседі?

Енді Диас Молжігітов финалда Ерасыл Жақпековпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 80 келі салмақ дәрежесіндегі чемпионның тағдырын шешеді.

Егер Молжігітов бұл финалда жеңіске жетсе, Қазақстан ұлттық құрамасындағы жетекші орынды иеленуге үлкен мүмкіндік алады. Қазір осы салмақта ел құрамасының бірінші нөмірі – Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір