Чемпион Сәкен Бибосыновпен жекпе-жекке шыға алмады
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатының финалына жекпе-жексіз жолдама алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Бибосыновтың қарсыласы болуы тиіс алматылық боксшы Тимур Қабдешов жарақат алып, айқасқа қатыса алмады. Сол себепті Сәкен Бибосынов автоматты түрде шешуші кезеңге өтті.
Былтыр 54 келі салмақта ел чемпионы атанған Қабдешов турнирді қола медальмен аяқтады. Ал Сәкен Бибосынов алтын үшін күресті жалғастырады.
Финалда Сәкен Бибосынов Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырықтасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.