
Семейде бокстан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтті. Бірқатар айқас күтпеген нәтиже мен айқын басымдықпен аяқталды.
60 келіге дейін:
2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Ақмола облысының өкілі Оразбек Асылқұлов камбэк жасап әлем чемпионаты-2021 жүлдегері Серік Теміржановты (Павлодар облысы) 4:1 есебімен жеңді.
Жамбыл облысы атынан сынға түскен ұлттық құрама мүшесі Бибарыс Жексен Абай облысының өкілі Дәулет Молдашевты 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Қарағанды облысының тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов алматылық Нұрбек Мұрсалды 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
70 келіге дейін:
Париж Олимпиадасына қатысушы Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) күтпеген жерден алматылық Фарух Тоқтасыновқа 2:3 есебімен жол беріп, турнирдің басты сенсациясын тіркеді.
Шымкенттің жас жұлдызы, әлем және Азия чемпионы Санжарәлі Бегалиев жамбылдық Диас Молжігітовтан 1:4 есебімен жеңілді.
90 келіге дейін:
2024 жылғы Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) алматылық Данияр Рақымбердиновты сенімді түрде 5:0 есебімен ұтты.
55 келіге дейін:
Қызылорда облысының өкілі, Азия чемпионы-2024 Нұрсұлтан Алтынбек жастар арасындағы әлем чемпионы-2024 Бексұлтан Боранбекті (Жамбыл облысы) 5:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.
65 келіге дейін:
Алматы облысының чемпионы Ертуған Зейнуллинов жамбылдық Илья Калининді 5:0 есебімен жеңіп, өз мәртебесін қорғады.
Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) кәсіби рингтегі тәжірибесін көрсетіп, Қостанай облысының боксшысы Әбдіғалым Әбдікерімовті 4:1 есебімен ұтты.
Қарағанды облысының өкілі, жастар арасындағы әлем чемпионы-2021 Сабыржан Аққалыков жастар арасындағы Азия чемпионы-2025 Аман Қонысбековті (Түркістан облысы) 5:0 есебімен тізе бүктірді.
55 келі:
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы-2021 Сәкен Бибосынов финалға жекпе-жексіз өтті. Оның қарсыласы, алматылық Тимур Қабдешов жарақатына байланысты рингке шыға алмады.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, Ақмола облысының өкілі Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) Ұлытау облысынан келген Айдана Забынбекованы 3:2 есебімен тартысты жекпе-жекте жеңді.