
Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері қыза түсті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел құрамасының қос мықтысы — Серік Теміржанов (Павлодар облысы) пен Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) алтын медаль үшін жұдырықтасты.
Жекпе-жек жоғары қарқында өтті. Екі боксшы да чемпиондық белбеуді қолдан бермеуге барын салды. Бірінші раундта Теміржанов алға шығып, қарсыласына қысым жасады. Ал екінші раундта Жексен қарымта шабуылдарын күшейтті. Соңғы раунд шешуші сәтке айналды — төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Серік Теміржановқа берілді.
Осылайша Теміржанов Қазақстан чемпионы атанды, ал Бибарыс Жексен күміс жүлдеге ие болды.
Серік Теміржанов — ел боксының танымал есімі:
Ал Бибарыс Жексен 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен болатын.