Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Титулды қазақ боксшысы финалда сүрінді

Сарапшы, спорт журналисі

Шымкент қаласының тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегері Жайна Шекербекова ел чемпионатының алтын медаль үшін өткен финалда қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Титулды қазақ боксшысы финалда сүрінді
sportbugin.kz

Финалдағы шайқас қалай өтті?

54 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Жайна Шекербекова өзімен бір өңірден шыққан Элина Базаровамен кездескен. Бәсеке өте қарқынды өрбіді: екі боксшы да бастан-ақ жоғары қарқынмен жұмыс істеді. Алайда бірнеше рет Элина Базарованың мұрнынан қан кетуіне байланысты жекпе-жекке дәрігер араласуға мәжбүр болды.

Соған қарамастан Элина кездесуді соңына дейін өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша Базарова Қазақстан чемпионы атанды, ал Жайна Шекербекова күміс жүлдеге ие болды.

Жайна Шекербекованың жетістіктері

Жайна — Қазақстан әйелдер боксының символына айналған спортшы.

  • Әлем чемпионатының жүлдегері;
  • Екі дүркін Азия чемпионы;
  • 2014 жылғы Азия ойындарының күміс медаль иегері.

Бұл жолғы финалдағы нәтиже — оның бай мансабындағы сирек кездесетін жеңілістердің бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір