5:0 есебімен аяқталған финал — Даниял Сәбит Қазақстан чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жегінде тартысты кездесу өтті. 50 келі салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Даниял Сәбит пен Ақтөбе облысының намысын қорғаған Бекзат Алдамжаров чемпиондық атақ үшін жұдырықтасты,

5:0 есебімен аяқталған финал — Даниял Сәбит Қазақстан чемпионы атанды
offside.kz

Финалда кім мықты болды?

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Даниял Сабит қарсыласынан айқын басым түсті. Барлық төреші бірауыздан шешім шығарып, 5:0 есебімен жеңіс Сәбиттің еншісіне жазылды.

Осылайша Батыс Қазақстан облысының өкілі ел чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал Бекзат Алдамжаров — Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Турнир туралы

Биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ категориялары бойынша өткізілуде.

Финалдық кездесулер 21 қазан күні өз мәресіне жетіп, турнирдің үздіктері анықталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір