
Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Лаура Ғаниқызы (50 кг) алғашқы белдесуде поляк қарсыласынан ірі есеппен ұтылды.
Қазақстанның U23 әйелдер күресі құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады. 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Лаура Ғаниқызы турнирдің бірінші белдесуінде жеңіліп қалды.
Алматылық спортшының қарсыласы — Польшаның Наталия Эдита Валчак. Екі балуанның айқасы біржақты өтті: Ғаниқызы бір де бір ұпай ала алмады, есеп — 0:6.
Ережеге сәйкес, Лаура енді репешаж (қайта күрес) арқылы тек қола медальға таласа алады.
Айта кетейік, Лаура Ғаниқызы спорттық мансабында біршама жетістікке жеткен. 2019 жылы U15 Азия чемпионатында қола медаль еншіледі. 2022-де U23 құрлықтық додада тағы бір “қоланы еншілеген болатын. Қазақстан Республикасының спорт шебері.