Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем чемпионатында Қазақстан мен Ресей арасындағы белдесу тарихи жеңіспен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Мерей Мәулетқанов керемет нәтижи көрсетті. Ол грек-рим күресінен 72 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.

Әлем чемпионатында Қазақстан мен Ресей арасындағы белдесу тарихи жеңіспен аяқталды
Instagram/@qaz_team_official

Мәулетқановтың жойқын жеңісі

Үшінші орын үшін болған шешуші белдесуде қазақстандық балуан ресейлік Данила Григорьевті айқын басымдықпен ұтты. Белдесу басталған сәттен-ақ Мәулетқанов қарсыласына мүмкіндік бермей, өз тактикасын толық жүзеге асырды. Тартысты сәттерге жол бермей, есепті 10:0 нәтижесімен аяқтады. Ерік пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Кімдерді тізе бүктірді? 

Жарыстың 1/8 финалында Мерей болгариялық Сергей Стоевті 8:0 есебімен ұтса, ширек финалда түркиялық Эрен Улкуді 9:0 нәтижесімен жеңді. Тек жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Аброр Атабаевқа (1:3) аз ғана айырмашылықпен есе жіберді.

Айта кетсек, бұған дейін Мәулетқанов ересектер арасындағы әлем чемпионатында бесінші орынға табан тіреген.

Мерей Мәулетқанов туралы деректер: 

  • Жасы: 22
  • Өңірі: Астана
  • Жетістіктері:

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018)

Азия чемпионатының финалисі (U15, 2018)

Азия чемпионатының қола жүлдегері (U20, 2023)

Азия чемпионы (U23, 2024)

Аттестат: Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Дүниежүзілік рейтинг: 6-орын (33 520 ұпай)

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір