Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Александр Усик мансабын қашан аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Әйгілі боксшы әлі бірнеше жыл жағары деңгейде өнер көрсеткісі келетінін айтты.

Александр Усик мансабын қашан аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасады
Александр Усик

Ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, украиналық боксшы Александр Усик (24-0, 15 КО) кәсіби мансабын аяқтауына қатысты мәлімдеме жасады. 38 жастағы спортшының айтуынша, ол 41 жасқа дейін жұдырықтасып, содан кейін жаттықтырушылық қызметке бет бұруды жоспарлап отыр.

«Мен 41 жасқа дейін бокстасамын. Сонан соң әрі өзім жаттығып, әрі жас боксшыларды баулитын спорт академиясын ашамын», - деді Усик Home of Fight басылымына берген сұхбатында.

38 жастағы украин боксшысы осы күнге дейін бір де бір рет жеңілмеген, алдымен бірінші ауыр, кейін суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Биыл шілде айында Усик америкалық Даниэль Дюбуаға (22–3, 21 КО) қарсы өткен реваншта қарсыласын нокаутқа жіберіп, суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын қайта иеленді. Енді оның келесі жекпе-жегі ММА ережесі бойынша америкалық блогер Джейк Полмен (12–1, 7 КО) өтуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір