Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектен Азиада чемпионы болды
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын енді.
Фото: olympic.kz
Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Амелина Бакиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet