Титулды жекпе-жек неге өтпеді? Хасанбой Дусматов жанкүйерлеріне үндеу жасады
Өзбекстанның қос дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов жоспарланған титулдық жекпе-жегінен бас тартуға мәжбүр болды.
Денсаулыққа байланысты шешім
Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Дусматов жанкүйерлеріне бейнеүндеу жолдап, себепті түсіндірді:
«Ассалому алейкум, қадірлі отандастар! Бүгін менің кәсіби рингтегі жекпе-жегім өтуі керек еді, алайда денсаулығыма байланысты аздаған қиындықтар туындады. Бұл 12 раундтық ауыр кездесу болғандықтан, тәуекел етпеуді жөн көрдік. Сондықтан жекпе-жек келесі шоулар мен турнирлерге ауыстырылды. Кешірім сұраймын және баршаңызға денсаулық тілеймін!»
IBF титулдық жекпе-жегі тоқтатылды
Айта кетсек, бүгін Дусматов IBF тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы белбеу үшін мексикалық Рене Калистомен (23-1-1, 9 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын. Бұл кездесу Бішкекте өтеді деп жоспарланған еді.

Алайда өзбек боксшысы салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, титулдық айқастан шеттетілді.
Қазір Дусматов командасы жаңа жекпе-жек мерзімін талқылап жатыр. Әзірге оның қарсыласы мен нақты күні жарияланған жоқ.
Бокс жанкүйерлері спортшының толық қалпына келіп, келесі кездесуде өз биігінен көрінуін күтуде.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.