Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Джон Джонс UFC-ге оралады: Ақ үйдегі жекпе-жекте қарсыласы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Джон Джонс Алекс Перейраға жекпе-жек өткізуге шақыру тастады. Ол промоушеннің Ақ үйде өтетін турнирінде кездесу өткізуді ұсынды.

Джон Джонс UFC-ге оралады: Ақ үйдегі жекпе-жекте қарсыласы анықталды
Сурет: ашық дереккөздерден

Джонс өз әлеуметтік желілерінде мәлімдеме жариялап, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсеткісі келетінін айтты:

«Алекс, мен Ақ үйде ең жоғары деңгейдегі шеберлігімді көрсетуге қуана келісемін. Сенің құрметіңді бағалаймын. Кеттік, билеп көрейік», — деп жазды Джонс.

Контекст

Джон Джонс соңғы рет 2024 жылдың қарашасында октагонға шыққан болатын. Ол ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Стипе Миочичті нокаутпен жеңіп, UFC тарихында өз атағын он екінші рет қорғаған рекорд орнатты.

2025 жылдың маусым айында UFC президенті Дана Уайт Джонстың карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. Алайда шілдеде Джонс өзі қайтадан промоушеннің допинг-тестілеу пулына оралғанын мәлімдеді.

Перейраның соңғы жекпе-жегі туралы

Еске сала кетейік, қазанның 5-іне қараған түні Алекс Перейра бірінші раундтың екінші минутында Магомед Анкалаевты нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алған болатын.

Бұо олардың екінші жекпе-жегі болды. Мамандардың айтуынша, келесі жылы Анкалаев пен Перейраның арасында нүкте қоятын үшінші жекпе-жек болады деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір