Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ризабек Айтмұхан қарсыластарын "бульдозердей" жеңіп шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық еркін күрестің жас жұлдызы Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.

Ризабек Айтмұхан қарсыластарын "бульдозердей" жеңіп шықты
sportarena.kz

Жартылай финалға жолдама

Астаналық балуан бүгін кілемге шыққан әрбір қарсыласын еш мүмкіндіксіз тізе бүктірді. Айтмұханның сенімді өнері жанкүйерлерді таңғалдырды. Ол барлық белдесуін мерзімінен бұрын аяқтап, бар болғаны бір ұпай ғана берді. 

Қарсыластары мен нәтижелері:

  • Біліктілік: Ибрахим Бенеколи (Түркия) — 11:1
  • 1/8 финал: Аймар Егиноа (Испания) — 10:0
  • 1/4 финал: Гарроуз Куекабакила (АҚШ) — 11:0

Бұл көрсеткіштер Ризабектің ағымдағы формада екенін және әлемдік деңгейдегі балуандармен күреске толық дайын екенін дәлелдейді.

Айтмұханның мақсаты — реванш пен жаңа тарих

2025 жылғы әлем чемпионаты Ризабек үшін ерекше маңызға ие. Ол Загребтегі ересектер арасындағы жарыста алғашқы айналымда жеңіліп қалған еді. Сол жолғы сәтсіздіктен кейін Айтмұхан өз бабын қайта тапты және бұл жолы шын мәніндегі әлемдік аренада өзін дәлелдеуге бел байлаған.

Айта кетсек, Загребтегі турнирде ол Абдулрашид Садулаевтың орнын басқан Магомед Курбановқа жол берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір