Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U23 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан финалға шыға алмады.
97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ризабек Айтмұхан жартылай финалда жапон балуаны Арас Ёсидамен кездесіп, ірі есеппен жеңіліп қалды — 0:10.
Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін күтпеген соққы болды, себебі Ризабек турнир бойы бар қарсыласын айқын жеңіп келе жатқан еді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — ересектер арасындағы әлем чемпионы. Ол бұл атақты 2023 жылы Белградта өткен жаһандық додада жеңіп алған.
Сонымен қатар 21 жастағы спортшы соңғы үш жыл қатарынан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып жүр: